Мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерін оңтайландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

2026 жылғы қаңтарда аумақтық департаменттер көрсететін қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру жөніндегі Жол картасы бекітілді.

Жол картасы аясында 2026 жылғы ақпан–тамыз айларында мүгедектікке, асыраушысынан айырылуға, бала тууына және бала күтіміне байланысты, сондай-ақ басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындау және қайта есептеу процестері кезең-кезеңімен автоматтандырылды.

2026 жылдың 8 айында автоматты режимде:

  • 37 137 төлем тағайындалды;
  • 55 374 төлем қайта қаралды;
  • 38 551 төлем тоқтатылды немесе тоқтатыла тұрды.

Автоматтандыру қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуға, деректерді қолмен өңдеуді болдырмауға, техникалық қателер мен адами фактордың әсерін азайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтерді одан әрі автоматтандыру жұмыстары жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1292814?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді