САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН ӨНДІРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛЕНДІРІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ордабасы ауданында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту және салық түсімдерін арттыру бағытындағы жұмыстарға басымдық берілуде.
Осы мақсатта жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша жинақталған берешекті өндіру мәселесіне арналған жұмыс отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, аудан прокуратурасының аға прокуроры Нұржан Байтиков, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдері, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары, ауылдық округ әкімдері мен салық мамандары, сондай-ақ экономика және қаржы саласына жауапты қызметкерлер қатысты.
Кездесуде салық берешегінің қалыптасу себептері, оны өндіріп алу тетіктері және бюджетке түсімдерді ұлғайтуға бағытталған жұмыстардың орындалу барысы талқыланды.
Әсіресе берешегі бар азаматтармен жұмысты нақтылау, мәліметтерді өзектендіру, салық төлемдерін өндіру бойынша заңнамада көзделген шараларды уақтылы қабылдау мәселелеріне назар аударылды.
Жауапты мекемелер мен ауылдық округ әкімдеріне берешекті өтеу бойынша жұмысты күшейтіп, әрбір бағыт бойынша нақты нәтижеге қол жеткізу тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1292391?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді