
Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында Қаражар және Қабанбай батыр ауылдарының тұрғындары жер қойнауын пайдаланушылардың қызметі, елді мекендерді абаттандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру жайлылығы мен қауіпсіздігіне қатысты өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан әкімі әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелермен танысты, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер беріп, оларды шешудің мүмкін жолдарын талқылады.
Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға әрбір өтінішті жан-жақты қарау, қажетті шараларды қабылдау және қойылған міндеттердің белгіленген мерзімде орындалуын бақылауға алу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30-509 телефоны бойынша жазылуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1292986?lang=ru

Жауап қалдыру