
Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша ҚР ҰҚК Департаментінің Жамбыл ауданында орналасқан «Жасөркен», «Бесағаш» және «Шөлдала» шекара заставаларының жеке құрамымен профилактикалық іс-шара өткізді. Кездесу барысында жеке құрамға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, өрттің алдын алу шаралары, электр жабдықтары мен жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ өрт болған жағдайда алғашқы әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, күнделікті қызмет барысында өрт қаупін тудыратын факторларды дер кезінде анықтап, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығына назар аударылды.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1292987?lang=ru

Жауап қалдыру