Департамент және аудандық басқармалардың қызметкерлері санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерінің І конгресіне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 15 қырүйегінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35-жылдығана және «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні» кәсіби мерекесіне орай 700-ден аса отандық және шетелдік мамандардың басын біріктірген Қазақстан Республикасы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерінің І конгресі өткізілді.

 

Іс-шараға және оның салалық секцияларынң жұмысына Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері белсенді қатысты.

 

Конгрес барысында бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградалармен, Алматы қаласының әкімінің алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Атап айтқанда, Департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Гүлжан Қабдуәлиқызы Қилыбаева «Салаға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Медеу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Бисара Нұрмұхаметқызы Ахметова «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

Сондай-ақ сала ардагері, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде 43 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан Наурызбай ауданы санитариялық-эпидемиологиялы бақылау басқармасының қызметкері Әзілет Кенбайқызы Әуелбекова «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

 

Алматы қаласы әкімінің алғыс хатымен Әуезов, Бостандық, Наурызбай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері Айсара Маратқызы Әбішева, Әбілқасым Аманжолұлы Елепберген, Михирбанум Курбановна Асимова марапатталды.

 

Департамент қызметкерлері Гүлзада Нұрқасымқызы Сейітбай, Дамира Құмарбекқызы Дәулетбаева, Мұхамедали Ерназарұлы Қожаназаров  Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Сондай-ақ Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері Жанайым Мұсақызы Мұса, Гүлнәр Әбуқызы Мақұлбекова Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Осыған байланысты барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз және мемлекеттік қызмет жолындағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1293587?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді