«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Степногорск қаласының прокуратурасы қала мектептерінің оқушыларының қатысуымен ауқымды профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.
Мектеп оқушылары арасында құқықтық профилактика жүргізу мақсатында жасөспірімдер ортасындағы өзекті мәселелер – буллинг және кәмелетке толмағандарды есірткі құралдарының заңсыз айналымына тартуға арналған театрландырылған қойылымдар көрсетілді.
Қойылымдар арқылы балаларға нақты өмірлік жағдайлар мен ойланбай жасаған әрекеттердің салдары түсінікті әрі әсерлі түрде жеткізілді. Сонымен қатар, оқушылар алдында психологтар сөз сөйлеп, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, буллингке қарсы іс-қимыл, құрдастары тарапынан болатын қысым және көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шара сондай-ақ жаңа оқу жылындағы «Прокурор сағатының» басталуына негіз болды. Аталған іс-шара қаладағы барлық мектептерде жүйелі түрде өткізілетін болады. Прокуратура профилактикалық жұмыстың заманауи әрі қолжетімді форматтарын енгізуді жалғастырады. Бұл құқықтық білімнің тек теория жүзінде қалып қоймай, балалардың қауіпсіз әрі заңға бағынатын мінез-құлықты саналы түрде таңдауына ықпал етуге бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1294202?lang=ru

Жауап қалдыру