2026 жылғы 17 қыркүйекте облыстық мәслихаттың әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2026 жылғы 17 қыркүйекте облыстық мәслихаттың әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

 

 

Бүгін, 2026 жылғы 17 қыркүйекте Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрағасы Махаббат Сағынбайұлы Жутаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Қостанай облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде тұрақты комиссияның отырысында мектепке дейінгі мекемелерде ваучерлерді бөлу тетігі туралы мәселе қаралды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Ардақ Құрмашұлы Бегатаров баяндама жасады.

Отырыс барысында депутаттар ваучерлерді бөлудің қолданыстағы тетігін, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін, кезекті қалыптастыру тәртібін және мектепке дейінгі ұйымдарда орын беру мәселелерін талқылады.

Ваучерлерді бөлудің ашықтығы мен тиімділігі, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерде орын алу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Депутаттар халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, ваучерлік қаржыландыру тетігін одан әрі жетілдірудің және мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар ваучерлерді бөлу жүйесінің тиімділігін арттыруға, осы процестің ашықтығын қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдар, мектепке дейінгі ұйымдар мен ата-аналар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді.

Мәселені қарау нәтижелері бойынша тұрақты комиссия тиісті ұсынымдар әзірледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1294976?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді