Абай облысында инвесторға салынған заңсыз айыппұлдың күші жойылып, Экология департаменті басшысының орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының прокуратурасы инвестордың құқығын қорғап, «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-ны заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешімнің күші жойылды.

Облыстың табиғат қорғау прокуратурасы Экология департаментінің компанияға қатысты заңда көзделген тексеруді жүргізбестен және мемлекеттік бақылаудың белгіленген тәртібін бұза отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғағанын анықтады.

Прокуратураның наразылығы бойынша сот инвесторды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулының күшін жойды.

Бұдан бөлек, сот Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне қатысты анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде жеке қаулы шығарды.

Экология департаменті басшысының орынбасары да жауапкершілікке тартылды. Сот оны 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Прокуратура кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың олардың қызметіне негізсіз араласуына жол бермеу бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1295328?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді