Алименттік берешекті өндіріп алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысы Әділет департаментінде алименттік берешекті өндіріп алу мәселелері бойынша жұмыс отырысы өтті.
Жиынға Түркістан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Түркістан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысы және жеке сот орындаушылары қатысты.
Кездесу барысында үш айдан астам алименттік берешегі бар борышкерлерге қатысты «Борышкерге іздеу жариялау туралы» қаулыны санкциялау үшін прокуратура органдарына жолдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды.
Қатысушылар мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша бірлескен шешімге келді.

#ЗаңМенТәртіп #Алимент #АтқарушылықІсЖүргізу #Әділет

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1295072?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді