
Алматы облысы Әділет департаменті Алматы облысы бойынша Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, 2026 жылғы 24 маусымдағы «Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында атқарушылық іс жүргізу саласын реттейтін заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оларды практикада қолдану мәселелері қаралды.
Қатысушылар пікір алмасты, өзекті мәселелерді талқылап, сот актілерінің тиімді орындалуын қамтамасыз ету және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл бағыттарын белгіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1295533?lang=ru

Жауап қалдыру