
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ
2026 жылғы 17 қыркүйекте Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің акт залында жастарға арналған кәсіптік бағдар беру және ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларға мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер туралы ақпараттандыру және жастардың еңбек саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында қатысушыларға еңбек шартын жасасу тәртібі, жұмыскердің құқықтары мен міндеттері, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбекақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жастарға жұмысқа орналасу кезінде еңбек шартын міндетті түрде рәсімдеудің маңызы, ресми еңбек қатынастарының артықшылықтары және өз еңбек құқықтарын білу қажеттілігі түсіндірілді.
Кездесу барысында әртүрлі сала мамандарының кәсіби еңбек жолы мен тәжірибесі мысалға алынып, мамандық таңдауда білім мен кәсіби дағдыларды жетілдірудің, жауапкершілік пен еңбекқорлықтың маңыздылығы талқыланды.
Іс-шараға білім алушылар, педагогтер, жас мамандар, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер және еңбек саласының мамандары қатысты.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек қатынастары, жұмысқа орналасу және кәсіби даму бағыттары бойынша қажетті ақпараттар алды.
Іс-шара жастардың кәсіби бағдарын айқындауға, еңбек құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін арттыруға және заңды еңбек қатынастарының маңыздылығын түсінуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1295617?lang=ru

Жауап қалдыру