
Бүгін «JAIYQ PRESS» медиахолдингінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясына Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Темірханова қатысып, марафонның өңірде жүзеге асырылуы, негізгі бағыттары мен өткізілу тәртібін таныстырды.
Жоба аясында «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын зияткер», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағыттары қамтылады.
Батыс Қазақстан облысында жобаға 48 815 адам тіркелді. Марафон 2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз аралығында өтеді.
Қатысушылар 6 ай ішінде бекітілген әдебиеттер тізімінен 15 кітап оқып, кейін онлайн тестілеу кезеңінен өтеді. Үздік нәтиже көрсеткендер республикалық деңгейдегі интеллектуалдық квиздерге қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1295908?lang=kk

Жауап қалдыру