ТАУАР БЕЛГІСІН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУ ФАКТІСІНІҢ АНЫҚТАЛУЫ ТУРАЛЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері тауар белгісіне құқық иесінің өтініштері негізінде жеке кәсіпкерлерге қатысты өзгенің тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізді.
Тексеру барысында «LEGO Holding A/S» компаниясына тиесілі «MINECRAFT», «MY WORD», «NINJA», «NINJASU», «CITIES», «FRIEND», «FRIENDSHIP», «TECHNOLOGY», «TECHNICA», «STAR WARS», «HARRY POTTER», «AVHEROES» тауар белгісін заңсыз пайдалану арқылы өнімдердің сатылғаны анықталды.
Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 474 000 теңгені құрайтын 114 дана өнім заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республиксының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Әкімшілік іс Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына жолданды.
Істі қарау нәтижесі бойынша сот шешімімен 4 жеке кәсіпкер өзгенің тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін 90825 (тоқсан мың сегіз жүз жиырма бес) теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәркіленген 114 дана өнімді жою үшін Атырау қаласының аумақтық мәжбүрлеп орындату бөліміне берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1295564?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді