Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің көшпелі отырысы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі (МӘС) 17–18 қыркүйек күндері Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында кезекті көшпелі отырыс өткізді.

Көшпелі отырыс аудандық емхана базасында ұйымдастырылып, мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен семинар өткізілді. Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылып, тиісті бақылауды күшейту қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1296732?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді