
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысы білім басқармасының «№6 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.
Бару барысында Өкіл білім алушылардың білім алуына, тұруына және тәрбиеленуіне жасалған жағдайлармен, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуымен, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық және санитариялық жағдайлармен танысты.
Сонымен қатар, мекемедегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, тамақтандыру, бос уақытын ұйымдастыру және білім алушылардың жан-жақты дамуына жасалған жағдайлар мәселелеріне назар аударылды.
Бару барысында анықталған сәйкессіздіктер бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, қажетті шаралар қабылдау үшін құзыретті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1296774?lang=ru

Жауап қалдыру