
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Оған сәйкес арнайы салық режимдерінің (АСР) 3 түрі көзделген:
🔹 1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
Бұл режим:
* жеке кәсіпкер болып табылмайтын;
* жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
* рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызметті жүзеге асыратын;
* белгіленген шектен аспайтын табысы бар жеке тұлғаларға арналған.
🔹 2. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР
Бұл режимді белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады.
Негізгі талаптар:
* жылдық табыс мөлшері – 600 000 АЕК-тен аспауы тиіс;
* қызмет түрі аталған режимді қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне кірмеуі тиіс.
📍 Рудный қаласының салық төлеушілері үшін салық мөлшерлемесі 4%-дан 3%-ға дейін төмендетілді. Рудный қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы №249 шешімі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
🔹 3. Шаруа және фермер қожалықтарына арналған АСР
Бұл режим меншігінде немесе жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар және тиісті ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шаруа және фермер қожалықтарына арналған.
⚠️ Маңызды!
2026 жылдан бастап бұрын қолданыста болған патент, тіркелген шегерім, бөлшек салық және басқа да арнайы салық режимдері жойылды.
Салық салу режимін таңдау қызмет түріне, салық төлеушінің мәртебесіне және белгіленген талаптардың сақталуына байланысты.
📖 Арнайы салық режимдерін қолданудың толық шарттары Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде айқындалған.
#ЖаңаСалықКодексі #Салықтар2026 #Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1297275?lang=ru

Жауап қалдыру