Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушылары үшін өрт сөндіру техникасының қатысуымен «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға өрт сөндіру техникасы мен арнайы құрал-жабдықтар таныстырылып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау, өрттің алдын алу және балалардың терезеден құлауының алдын алу шаралары түсіндірілді. Оқушыларға төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде маңызды ақпарат берілді.
Жауап қалдыру