Аудан әкімдігінің ауданда шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында берілетін грантты беру ЕРЕЖЕСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімідігінің гранты Шет ауданында шағын кәсіпкерлікті дамытуға және өз істерін кеңейтуге беріледі.

 

Жобаға қатысушыға қойылатын талаптар:

          – грант кәсіпкерлерге өз ісін кеңейтуге және өз ісін жаңадан ашқан кәсіпкерлерге салалық шектеусіз беріледі (басым бағыт негізінен: өңдеу, қайта өңдеу, қызмет көрсету және ауданда бүгінгі күнде жоқ жобалар);

          – кәсіпкердің кемінде жарты жыл кәсіпкер ретінде ауданда тіркеліп, жұмыс істеп тұруы міңдетті;

          – грантқа үміткерлер өзінің іске асыратын жобасы бойынша бизнес-жоспарлары болуы қажет. Бизнес-жобасын комиссия отырысында таңыстырады (таныстыру материалдары, слайд, т.б.);

          – грант құрылыс жұмыстарына, ғимарат сатып алуға және ғимараттын жалдау ақысын төлеуге берілмейді;

          – есепті мерзімге дейін кәсіпкерлікті қолдау бағытында мемлекеттік грантқа қатысып грант алғандар қатыса алмайды.

                   

          Гранттын мақсаты:

          – ауданда шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;

          – ауылдық жерлерде қолдау таппай отырған бизнеске демеу көрсету;

          – шағын кәсіпкерлік арқылы жергілікті жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашу;

           

          Грант сомасы:         

          – гранттын жалпы сомасы 11 000 000 теңгені құрайды. Бір қатысушыға берілетін қаражат көлемін комиссия отырысында, комиссия мүшелері бизнес жобамен таныса отырып анықтайды;

          – гранттың ең жоғары берілетін сомасын комиссия мүшелері белгілейді;

 

          Бизнес-жоспарларды таңдау:

          – бизнес-жобаның бәсекелесуге  қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті анықтау-маркетингтік саралау);

          – бизнес-идеяның жаңашылдығы;

          – бизнестің келешектегі дамуы оның қызмет көрсететін түріне байланысты алдағы уақытта экономикалық дамуын қарау;

          – аудан үшін жобаның маңыздылығы;

 

 

 

 

 

Аудандық грантқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

          – гранттарды ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтінім;

          – заңды тұлғаны (жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

          – бизнес-жоба (бүгінгі күнде жұмыс істеп тұрған кәсіптін фото, видео);

          – қатысушының («Бизнес-Кеңесші», «Бизнес Бастау») жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі (сертификат) бар болған жағдайда;

          – кәсіпкер атынан өтінімді тапсыру құқығына сенімхат, сенімді тұлға төлқұжаттың көшірмесі (заңды тұлға атынан-заңды тұлға бекіткен);

          – жеке куәліктің көшірмесі және шот нөмері (ЖК ашылған);

          – құжаттарды іс папкасына (скоросшиватель) тігіп әкелу қажет;

          Конкурсқа қатысу өтінімін (іс папкасына жинақталған) 2026 жылдың 24 қыркүйегінен 12 қазан сағат 18:00 дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен өтінімдер қабылданбайды. Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі 10, «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ.

Анықтама телефоны: 8 (71031)21-2-14 факс, тел:50-8-44 (жұмыс күндері сағат 9:00 ден-18:30 ге дейін).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1297841?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді