Біржан сал ауданында «Тәртіппек» және «Тазабек» акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Біржан сал ауданының прокуратурасы Үлгі ауылының негізгі орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларына арналған «Тәртіппек» және «Тазабек» профилактикалық акциясын өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтаудың маңыздылығы, мектепте және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қағидалары, сондай-ақ өзара сыйластық пен өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қажеттілігі түсіндірілді.

Алған білімдерін бекіту мақсатында танымдық викториналар мен ойындар өткізілді. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, түрлі тапсырмаларды орындады. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ мектептің еңбек ұжымына Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 12 маусымдағы №88-НҚ нормативтік қаулысының ережелері түсіндірілді.

Атап айтқанда, еңбек заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша келісу комиссиясына жүгінбей, тікелей сотқа жүгінуге құқығы бар еңбек қатынастарына қатысушылар үшін сотқа жүгінудің бір жылдық мерзімі қолданылатыны жеткізілді.

Жүргізілген жұмыс оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және мектеп қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1297211?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді