Цифрландыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында мәслихат депутаттарының, аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы» ММ және «Astana Innovations» АҚ жүргізілген цифрландыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындыларын талқылады.

 2023-2025 жылдардағы аудит объектілерінің қызметін талдау елордада Цифрландыру басқармасы арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге және халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың міндеттері табысты іске асырылып жатқанын көрсетті.

Сонымен қатар, елде жүгізіліп жатқан цифрландыруды дамытудың  басымдығына қарамастан, аудит объектілерінде  әлі де тән жүйелік бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол беріледі.

Атап айтқанда, құрылтай, ішкі және стратегиялық құжаттарды уақытында жаңартпау  жағдайлары анықталды.

Қаржылық бұзушылықтар бөлігінде Цифрландыру басқармасының жылдық бухгалтерлік балансында «Astana Innovations» АҚ жарғылық капиталын 1 054,8 млн теңге сомасына ұлғайтудың, сондай-ақ амортизация нормаларын асыра көрсетудің және жекелеген активтердің 8,7 млн теңгеге дұрыс жіктелмеуі анықталды.

«Astana Innovations» АҚ басқа ұйымдарға іссапарға жіберілген штаттық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланбай, 33,5 млн теңге сомасына мемлекет активтерін тиімсіз пайдаланған.

Цифрландыру басқармасы активтерді басқа мемлекеттік органдарға 18,1 млн теңгеге беру кезінде бюджет деңгейлері арасындағы шығыстар мен өкілеттіктерді ажырату қағидатын сақтамаған.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шығындарды өтеу» 096 бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 348,9 млн теңгеге және «Инновациялық қызметті дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 005 бюджеттік бағдарламасы 6 224,3 млн теңгеге тиімсіз жоспарлауды бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануды бағалау анықталды. Оның ішінде 5 528,8 млн теңге бюджетке қайтарылды, 695,5 млн теңге мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеуге, жобаларды ауыстыруға және түзетуге, оларды іске асырудың техникалық мүмкіндігінің болмауына, сервистердің қайталануына және жекелеген шарттардың бұзылуына байланысты басқа мақсаттарға қайта бөлінді.

Бұдан басқа, Цифрландыру басқармасымен дербес әзірленген «Қызметтер құнын есептеу әдістемесін» қолдана отырып шарттар жасасу кезінде Қоғам қызметтерінің құнын негізсіз айқындау нәтижесінде 657,6 млн теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берген.

 Сондай-ақ, Цифрландыру басқармасының сатып алынатын қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен «Astana Innovations» АҚ-мен шарттарды негізсіз жасасу жағдайлары анықталды. Осыған ұқсас бұзушылық бұрын алдыңғы аудиттің нәтижелері бойынша да байқалды.

Бұдан басқа, «Astana Innovations» АҚ көптеген жобаларды белгіленген шекті нормалардан асатын көлемде іске асыру үшін қосалқы мердігерлік ұйымдарды тартады, бұл Цифрландыру басқармасы тарапынан шарттық міндеттемелердің нақты орындалуына, қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығына бақылауды төмендету тәуекелдерін тудырады.

«Astana Innovations» АҚ тарапынан шарттық міндеттемелердің орындалуының дұрыстығын тексеру ақылы қызметтердің қайталануына, шартта көзделген көлемдердің толық орындалмауына, үнемделген қаражаттың уақтылы қайтарылмауына және басқа да бұзушылықтарға байланысты қалпына келтіруге және өтеуге тиіс 743,6 млн теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтарды анықтады.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1 800,5 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде: қалпына келтіруге тиіс 1 552,6 млн теңге (аудит барысында 1 344,6 млн теңге қалпына келтірілді) және өтеуге тиіс 247,9 млн теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 7 573,2 млн теңге, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 691,1 млн теңге, сондай-ақ, 29 рәсімдік бұзушылық және 7 жүйелік кемшіліктер анықталды.

  Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу туралы заңнаманы бұзудың, сондай-ақ лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соққан құжаттарды аудитке уақытында ұсынбаудың 11 фактісі анықталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-rkastanagov/press/news/details/1297316?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді