
Астанада Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасы мен Өзбекстан Республикасының Көлік прокуратурасы делегацияларының келіссөздері өтті.
Мемлекет басшысы елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымы мен транзиттік әлеуетінің стратегиялық маңызын бірнеше рет атап өткен болатын.
Осы тұрғыда теміржол, автомобиль және авиация салаларындағы тасымалдау процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғау және заңдылық жағдайы, сондай-ақ кедендік бақылау мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде көлік процедураларын цифрландыруға ерекше орын берілді: делегациялар қадағалау жұмысын оңтайландыру және құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету үшін IT-шешімдерді пайдалану тәжірибесімен бөлісіп, оларды әрі қарай практикалық қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Ведомстволар арасында ақпарат алмасудың белсенділігін арттыру және тасымалдаушылардың қызметіне заңсыз араласуға қарсы іс-қимыл жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тараптар халықаралық көлік бағыттарында заңдылықты қамтамасыз ету үшін екі ел прокуратураларының үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Бас көлік прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1297543?lang=ru

Жауап қалдыру