Бөкей ордасы ауданы бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының хабарламасы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бөкей ордасы ауданы бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы                    Бөкей ордасы аудандық мәслихатының хабарламасы

 

                   Бөкей ордасы аудандық мәслихаты Бөкей ордасы ауданындағы округтік және учаскелік сайлау комиссияларында бос орындар болуына байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының                        10-бабына сәйкес ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды:

 

№

Сайлау комиссиясы–ның атауы

Сайлау округінің және учаскесі-нің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Бос орын–дар саны

Округтік сайлау комиссиясы

1

Мұратсай

№4

Мұратсай ауылы, Абай көшесі, 14.

1

2

Қарасу

№10

Қарасу ауылы, 1У көшесі 15

1

Учаскелік сайлау комиссиясы

1

Мәмбет

№55

Мәмбет ауылы, 1У көшесі 10.

1

2

Жәрмеңке

№56

Жәрмеңке ауылы, 1У көшесі 4.

1

3

Қарасу

№61

Қарасу ауылы, 1У, 24.

1

4

Сейітқали

№63

Сейітқали ауылы, 1У көшесі 4.

1

 

Саяси партиялардан сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау мерзімі – 2026 жылдың              25 қыркүйегінен 12 қазанға дейін.

Белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.

         Бөкей ордасы ауданындағы округтік және учаскелік  сайлау комиссияларының құрамдарына үміткерлер туралы ұсыныстарды Бөкей ордасы аудандық мәслихаты мына мекенжайда: Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі №31, ІІ- қабатта сағат 9-00ден 18-00ге дейін қабылдайды.

          Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты – аудандық мәслихат аппаратының басшысы  Ержан Жексенұлы Айтқалиев, байланыс телефоны 8(71140)21747.

        Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын үміткерлер сайлау туралы Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес болуға тиіс және Бөкей ордасы  ауданы аумағында тұруға тиіс.

      1) тиісті сайлау комиссиясының құрамына үміткерді ұсынғаны туралы саяси партия органы немесе басқа да қоғамдық бірлестіктердің, жарғысына сәйкес тиісінше өкілеттіктері бар олардың құрылымдық бөлімшелері мәжілісінің хаттамаларынан  суырмаларды;    

       2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін;

       3)  аудандық мәслихатқа нақты сайлау комиссиясы көрсетіліп, оның жұмысына қатысуға келісімі туралы үміткердің аудандық мәслихат төрағасына нысан бойынша өтініші;

        4) құжаттарды толтырарда анкеталық деректемелерде қателіктер жіберілмеуі мақсатында аудандық  мәслихат ұсынылатын үміткердің өтінішіне жеке куәлігінің көшірмесін қоса жолдау сұралады.

 

Бөкей ордасы аудандық мәслихаты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1299086?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді