
Қаралы жиындарға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Құрылтайының депутаттары Тұрарбек Тілемісов пен Мұратбек Мұхамедиев, БҚО прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, Қарулы Күштердің өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен өңір тұрғындары қатысты.
Қатысушылар қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Отан қорғаушылардың рухына Құран бағышталып, еске алу рәсімдері өткізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, материалдық қолдау және жаназа мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға қажетті жан-жақты көмек көрсетілуде.
Қаржылай көмекті жинақтау үшін бұған дейін арнайы қор белгіленді. Жинақталған қаражаттың барлығы қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге атаулы әрі ашық түрде бағытталады. Бұл жұмыс мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында болады.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, ата-аналары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1299261?lang=ru

Жауап қалдыру