
LED шамдары мен өзгертілген шығару жүйесі: Өскеменде заңсыз қайта жабдықталған көлік анықталды
Өскемен қаласында полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз конструкциясына өзгеріс енгізілген LADA автокөлігін анықтады.
Тексеру барысында көлікке LED үлгісіндегі жарық шамдары орнатылып, шығару жүйесінің де конструкциясы өзгертілгені анықталды. Мұндай өзгерістер көлік құралы шығаратын дыбыс деңгейінің артуына және қала тұрғындары мен жол қозғалысына қатысушыларға қолайсыздық туғызуы мүмкін.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін — Өскемен қаласының 19 жастағы тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция көлік құралының конструкциясына енгізілетін кез келген өзгеріс белгіленген тәртіппен және тиісті рұқсат болған жағдайда ғана жүргізілуі тиіс екенін ескертеді.
Мұндай талаптарды бұзғаны үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1299218?lang=ru

Жауап қалдыру