Округтік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ
№ 6 округтік сайлау комиссиясының сайлау комиссиясының мүшесін өз міндеттерінен босатылуына байланысты.
Саяси партияларға, өзге де қоғамдық бірлестіктерге, олардың құрылымдық бөлімшелеріне және жоғары тұрған сайлау комиссиясымен 2026 жылдың 09 қазанында сағат 18.30-ға дейін, шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының құрамына кандидатураны ұсыну ұсынылады.
Мәслихатқа келесі құжаттарды ұсыну:
1) электрондық және қағаз форматтағы, бағдарламалық қамту арқылы құралған, белгіленген нысаны бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар туралы мәлімет;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) сәйкес сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияның жұмысына қатысуына келісім туралы кандидаттың арызы.
Құжаттар келесі мекенжай бойынша ұсынылсын: Әйет ауылы Тәуелсіздік көшесі, 60, № 53 кабинет. Анықтамалар үшін телефондар: 3-72-29; 4-90-31.
Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-beimbet-maylin/press/news/details/1298972?lang=ru

Жауап қалдыру