«Қауіпсіз жол»: ШҚО-да 1 500 жол белгісі жаңартылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Қауіпсіз жол»: ШҚО-да 1 500 жол белгісі жаңартылды

Шығыс Қазақстан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. «Қауіпсіз жол» жобасы аясында полиция қызметкерлері жол ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, жол жағдайы күрделі учаскелерге тексеру жүргізуде.

Тексеру нәтижесінде қосымша жол белгілерін орнату немесе жол таңбаларын жаңарту қажет учаскелер анықталады.

Жыл басынан бері облыс аумағында 1 500 жол белгісі орнатылып, ауыстырылды. Сонымен қатар 162 мың шаршы метрден астам аумаққа көлденең жол таңбасы жаңадан сызылды.

Жол инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1298816?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді