
«Мирас» университетінде білім алушылардың төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға бағытталған практикалық тренинг өтті.
«Қауіпсіздік – бәрінен маңызды: төтенше жағдайларға дайын болу» тақырыбындағы тренинг барысында білім алушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен алғашқы әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Іс-шараға Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қатысты.
Құтқарушылар қатысушыларға төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, қауіпсіздік талаптарын сақтау және алғашқы көмек көрсетуге байланысты қажетті ақпарат беріп, арнайы құрал-жабдықтарды таныстырды.
Тәжірибе бөлімі барысында білім алушылар құтқару құралдарының қолданып көріп, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл дағдыларын жетілдірді.
Іс-шара білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға және қиын жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын нығайтуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1299114?lang=ru

Жауап қалдыру