Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дамир Жаманбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дамир Жаманбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй және жер мәселелері, санаториялық-курорттық емделу, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, оңалту орталықтарында ем алу және ардагерлерге берілетін бір реттік ақшалай көмек көрсету мәселелері бойынша өтініштерін білдірді.

Сонымен қатар, Қызылқайнар және Жасөркен ауылдарына қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыру, ағаштарды кесу, «Жасыл Ел-Тараз» мекемесіндегі еңбек ақыға қатысты мәселе, заңсыз құрылыс нысаны, ауладағы балалар ойын алаңын абаттандыру және жол жөндеу жұмыстарына қатысты мәселелер көтерілді.

Тұрғындар бұдан бөлек, сумен жабдықтау қызметіне қалыптасқан берешек, кәсіпкерлер мен меценаттарды халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламасына қатысуға қолдау көрсету, тұрғын үй алу, мүмкіндігі шектеулі балаларды сыртқа шығаруға арналған көтергіш құрылғы орнату және кіреберісте темекі шегуді шектеу мәселелерін жеткізді.

Сондай-ақ азаматтардың қараусыз жүрген жануарларға қатысты мәселелері де назарға алынды.

Қала әкімінің міндетін атқарушы тұрғындардың әрбір өтініші заңнама талаптарына сәйкес зерделеніп, көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты бөлімдер мен мекемелерге тиісті тапсырмалар берілетінін атап өтті. Мәселелердің орындалуы бақылауға алынып, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1299049?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді