
25 қыркүйекте Петропавлда учаскелік полиция инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы абаттандыру ережесін бұзу дерегін анықтады. Ер адам Крылов көшесі, 45-үйдің ауласында, қоқыс контейнерлерінің жанына ірі көлемді матрас тастаған. Полицейлер жедел шара қабылдап, құқық бұзушыны анықтап, бөлімшеге жеткізді. Ол – Қызылжар ауданының 39 жастағы тұрғыны. Жасаған құқық бұзушылығы үшін азамат ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азамат құқық бұзушылықты жойып, матрасты арнайы полигонға шығарды. СҚО ПД мұндай әрекеттер үшін заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салады. «Заң мен тәртіп» қағидаты мен жауапкершіліктің бұлтартпастығы әрқайсысына ортақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1300373?lang=ru

Жауап қалдыру