Жезқазғанда «NIGHT OPEN AIR» ақпараттық-танымдық кеші өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

27 қыркүйек күні Жезқазған қаласындағы Ғарышкерлер алаңында қала тұрғындары мен жастардың бос уақытын мазмұнды өткізуге бағытталған «NIGHT OPEN AIR» ақпараттық-танымдық кеші өтті.
Іс-шараны Ұлытау облысының дін істері басқармасы ұйымдастырды. Кештің негізгі мақсаты – танымдық ойындар мен ұлттық өнер арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу, діни сауаттылықты арттыру, заңға құрмет, өзара сыйластық және қоғамдық жауапкершілік құндылықтарын насихаттау.
Кеш барысында қатысушылар Kahoot интеллектуалдық ойынына қатысып, заң, дін, тарих және ұлттық дәстүр тақырыптарындағы сұрақтар бойынша білімдерін сынады. Сонымен қатар «Таным бәйгесі» өткізіліп, ұлттық дәстүр, тарих, Алаш қайраткерлері мен қазақ зиялыларының өмір жолы және рухани мұрасы туралы сұрақтар қойылды.
Бағдарламада халық даналығының озық үлгісі саналатын мақал-мәтелдердің жалғасын табу сайысы да ұйымдастырылды. Қатысушылар тапқырлық танытып, өз білімдерін ортаға салды.
Кештің көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлаған бөлімдерінің бірі – «Өнер көрсетіп сыйлық ал» кезеңі болды. Қатысушылар домбырада күй тартып, өлең оқып, өз өнерлерін көпшілік алдында көрсетті. Өнер көрсеткен қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Музыкалық нөмірлермен толықтырылған кеш көтеріңкі көңіл күйде өтіп, тұрғындарға мазмұнды әрі пайдалы демалыс сыйлады.
«NIGHT OPEN AIR» – жастар мен қала тұрғындарын білімге, ұлттық мұраға, өнерге және қоғамдық құндылықтарға қызықтыра отырып, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға бағытталған мазмұнды мәдени-танымдық алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1300451?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді