«Адалдық — ардың көркі: Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» Медициналық колледж студенттеріне арналған семинар өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Адалдық — ардың көркі: Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
Медициналық колледж студенттеріне арналған семинар өтті
29 қыркүйек күні Ұлытау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері Жезқазған қаласындағы облыстық жоғары медициналық колледжінде «Адалдық — ардың көркі: Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында студенттерге арналған семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастардың бойында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау.
• Студенттерге сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның түрлері мен салдары түсіндірілді;
• Адалдық пен кәсіби этика — медицина қызметкерінің басты қағидаты ретінде талқыланды;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері мен жауапкершілік түрлері айтылды;
• Түрлі жағдаяттар талданып, студенттер өз пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауап форматында белсенді қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1301604?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді