
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар комиссиясының мүшелері жыл сайын өтетін халықаралық экологиялық «Дүниежүзілік тазалық күні» (World Cleanup Day) акциясына қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарды біріктіріп, аумақтарды қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға деген жауапкершілікті арттыру.
Акция аясында №3 «Ақан сері» жатақханасының жастары сенбілікке белсенді қатысты. Жастар аумақты абаттандыруға өз үлестерін қосып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың және тазалықты сақтаудың маңыздылығын көрсетті.
Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Бірге біз күштіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aqmola-oblysy/press/news/details/1300985?lang=ru

Жауап қалдыру