🔹 Рудный қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясында қала әкімі Виктор Ионенко биылғы сегіз айдың қорытындысын баяндады. Есепте қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңарту, абаттандыру және әлеуметтік саладағы жұмыстар қамтылды.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

🔹 Рудный қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясында қала әкімі Виктор Ионенко биылғы сегіз айдың қорытындысын баяндады. Есепте қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңарту, абаттандыру және әлеуметтік саладағы жұмыстар қамтылды.
🏭 Сегіз айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 414 млрд теңгеге жетіп, негізгі капиталға 38,9 млрд теңге инвестиция тартылды. Жалпы құны 7,7 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Ал қаланың инвестициялық пулында жалпы құны 315 млрд теңге болатын 25 жоба бар.
🏗️ Инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Биыл 8,2 шақырым су құбыры, 3,6 шақырым кәріз және 6,06 шақырым жылу желісі жөнделді. Соңғы төрт жылда 1179 пәтерді қамтитын 18 көпқабатты тұрғын үй салынып, қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар жолдарды жөндеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жұмыстары жалғасуда.
🌳 Қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Рудныйда 5 мыңнан астам ағаш пен 132 мың түп гүл отырғызылды. Қоғамдық кеңістіктер жаңартылып, жаңа балалар және спорт алаңдары бой көтеруде. Қоғамдық көлік паркі де жаңарып, отандық өндірістегі 37 жаңа автобус сатып алынды.
🏫 Әлеуметтік салада да бірқатар маңызды өзгеріс бар. Ақпан айында мелекеттк тілде білім беретін 900 орындық №8 мектеп ашылды. 29 білім беру ұйымында ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жыл басынан бері қалада 449 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 47 мың тұрғын түрлі спорт секцияларымен қамтылды.
📍 Сессияда атқарылған жұмыстармен қатар, шешімін күткен мәселелер де сөз болды. Атап айтқанда, жолдардың жағдайы, автотұрақ орындарының жетіспеушілігі, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жаңарту, жаңа емхана мен мемлекеттік стадион салу мәселелері көтерілді.
Сессия қорытындысында қаланы одан әрі дамытуға бағытталған жұмыстар мен алдағы міндеттер айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1301651?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді