
Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Медет Жұмабайұлы Искаков Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Медет Искаков 1983 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2004 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Музыка» мамандығы, 2015 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы Қ.Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінде домбыра класының мұғалімі болып бастаған.
2003–2004 жылдары «Оқжетпес» республикалық жастар лагерінде мәдени ұйымдастырушы қызметін атқарды.
2004–2016 жылдары Қ. Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінде домбыра және музыка мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры болып еңбек етті.
2016–2021 жылдары Мәртөк ауданының Қаратоғай ауылдық округінің әкімі, Мәртөк аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2021–2022 жылдары Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы болды. 2022–2023 жылдары Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданының әкімі қызметін атқарды.
2023 жылдан 2026 жылдың 28 қыркүйегіне дейін Мәртөк ауданының әкімі қызметінде болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1301659?lang=ru

Жауап қалдыру