Облыстық комиссия отырысында еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі мәселелері қаралды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

               Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысында еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі, жұмыскерлер мен басшыларды еңбек құқығы саласындағы басқарушылық құзыреттерді дамыту мәселелері бойынша оқыту, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.

               Өндірістік жарақаттанудың, оның ішінде құрылыс саласындағы өндірістік жарақаттанудың алдын алуға, сондай-ақ жұмыс орындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды.

               «KBI Energy Group» ЖШС кәсіпорындарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жеке қаралды. Қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ бұрын орын алған жазатайым оқиғалардың себептерін ескере отырып, жұмыскерлерге қосымша нұсқама беру және оқыту мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1301620?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді