
Департамент ұжымы қарттар күніне орай департаментте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, өз ісіне адалдығымен және кәсіби білімімен үлгі болған бұрынғы әріптесіміз Тохтарбек Мухаметрахимовичті арнайы құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Кездесу барысында әріптесімізге көп жылғы еңбегі, бөлімнің дамуына қосқан үлесі, жас мамандарға үйреткен білімі мен тәжірибесі үшін шынайы алғыс айтылды. Оның еңбек жолында қалыптастырған кәсіби тәжірибесі мен адамгершілік қасиеттері кейінгі буын үшін әрдайым үлгі болып қала бермек.
Ұжым атынан Тохтарбек Мухаметрахимовичке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақ-береке тілейміз!
Сіздердің еңбектеріңіз – кейінгі ұрпаққа өнеге, тәжірибелеріңіз – баға жетпес қазына!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1302567?lang=ru

Жауап қалдыру