Құрметті кәсіпкерлер!
Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың маңыздылығына назар аударамыз.
Азаматтардың тыныштығын бұзуға және олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге жол бермеу мақсатында жарнаманы дыбыстық ақпарат арқылы таратуға қатысты белгілі бір шектеулер белгіленген.
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ғимараттар мен үй-жайлардан тыс жерде дыбыстық ақпарат арқылы жарнаманы таратуға жол берілмейді.
Осыған байланысты ғимараттар мен үй-жайлардан тыс жерде жарнамалық ақпаратты тарату үшін дауыс зорайтқыштарды, дыбыстық құрылғыларды және өзге де техникалық құралдарды пайдалану заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.
Аталған талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 455-бабына сәйкес, жарнама туралы заңнама талаптарын бұзу құқық бұзушылықтың субъектісіне және заңнамада көзделген мән-жайларға қарай 60-тан 450 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.
Кәсіпкерлік субъектілерінен жарнамалық қызметті ұйымдастыру кезінде аталған талаптарды ескеріп, дыбыстық жарнаманы заңнамада белгіленген шектеулерді бұза отырып таратпауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-pred/press/news/details/1302569?lang=ru

Жауап қалдыру