ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ – ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГТІҢ ЖАҢА АЛАҢЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ – ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГТІҢ ЖАҢА АЛАҢЫ

Конституциялық реформа аясында Қазақстанда жаңа конституциялық институт – Қазақстан Халық Кеңесі құрылды. Ол Қазақстан Республикасы халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде айқындалды.

Қазақстан Халық Кеңесінің негізгі міндеті – елдің ішкі саясатының басым бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы диалогты дамыту.

Кеңес құрамына 126 мүше енгізілді. Оның құрамында сарапшылар, қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері бар. Мұндай құрам Қазақстан қоғамының әлеуметтік және қоғамдық-саяси әралуандығын кеңінен қамтуға бағытталған.

Қазақстан Халық Кеңесінің ерекшеліктерінің бірі – заңнамалық бастама құқығының берілуі. Конституцияға сәйкес, бұл құқық Президентке, Құрылтай депутаттарына, Үкіметке және Қазақстан Халық Кеңесіне тиесілі және Құрылтайда жүзеге асырылады. Осылайша, Кеңес тарапынан көтерілген бастамалар заң жобалары мен заңнамалық реформаларды әзірлеуге негіз бола алады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Батыс Қазақстан облысының атынан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Рахметұлы Мұқаев, Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қоспаева Шолпан Насиболлақызы Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына енгізілді.

Бұл – өңірлердің үнін республикалық деңгейде жеткізуге, азаматтардың ұсыныстары мен қоғамдық пікірін мемлекеттік саясатпен ұштастыруға мүмкіндік беретін маңызды тетік.

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Мемлекет басшысы Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасын ұсынды. Президент оның мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесін, жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігін атап өтіп, қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

Мемлекет басшысы Кеңес мүшелеріне ел игілігі жолында белсенді еңбек етіп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, мемлекеттілікті одан әрі дамытуға үлес қосу міндеті жүктелетінін атап өтті.

Қазақстан Халық Кеңесі – қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты жаңа конституциялық деңгейге көтеретін, халықтың мүддесін мемлекеттік шешімдерге жеткізудің маңызды тетігі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1302551?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді