
Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Дамирұлы Байғазиев Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге Қарағанды облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары А.Б.Рустембекова, БАҚ өкілдері қатысты.
Комитет төрағасының орынбасары Нұржан Дамирұлы Байғазиев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жұмысының негізгі нәтижелерін ұсынып, «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде Комитеттің қызметі қалай іске асырылатыны туралы айтты.Кездесуге қатысушылар жекешелендіру және электронды сауда-саттыққа қатысты сұрақтар қойды.Қойылған сұрақтардың барлығына жауап берілді.Кездесу барысында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті үшін күделікті қызметте Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1304272?lang=ru

Жауап қалдыру