Целиноград ауданының прокуратурасының шараларымен зейнеткерге 11 млн теңге көлемінде өтемақылар төленді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Целиноград ауданының прокуратурасымен қадағалау аумағында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі талаптарының сақталуына талдау жүргізілді.

Талдау барысында білім беру саласында зейнеткерлік жасқа толған азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты еңбек шарты тоқтатылған бірқатар қызметкерлерге заңнамада көзделген өтемақылардың тиісті деңгейде төленбегені анықталған.

Прокуратураның араласуы нәтижесінде 68 зейнеткердің конституциялық және еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 11 млн теңге көлемінде заңда көзделген өтемақылар төленді.

 Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1307379?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді