Қызметтік әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау мәселелері

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Ерейментау ауданына жұмыс сапары аясында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Сауле Садвакасова аудандық басқарма ұжымымен кездесу өткізді.
 
Кездесудің негізгі тақырыбы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, мінез-құлық қағидаларын және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды жұмыс орнында ғана емес, одан тыс уақытта да сақтау болды.
 
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшінің кәсіби қызметі мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілікпен байланысты екені атап өтілді. Мінез-құлық мәдениеті, қарым-қатынастағы әдептілік, белгіленген талаптарды сақтау және әріптестерге құрметпен қарау мемлекеттік қызметтің маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.
 
Осыған байланысты қатысушылардың жұмыс уақытынан тыс кездегі мінез-құлқына да назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілерге жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтау, айналасындағыларға құрметпен қарау және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау жұмыс уақытынан тыс кезеңде де маңызды екені түсіндірілді. Сондай-ақ қызметкерлерге жұмыс орнында іскерлік киім үлгісін сақтау қажеттігі ескертілді.
 
Талқылаудың жалғасы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі мінез-құлқына арналды. Сауле Садвакасова интернетте ақпарат орналастыруға жауапкершілікпен қараудың қажеттігін атап өтті. Жарияланымдар, фотосуреттер, пікірлер және басқа да материалдар заңнама талаптары мен жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық нормаларына сәйкес болуы тиіс.
 
Кездесудің тағы бір маңызды бағыты сыбайлас жемқорлық көріністерінің және лудоманияның – құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу болды. Қатысушыларға құмар ойындарға шамадан тыс әуестену қаржылық және әлеуметтік мәселелерге әкелуі, қызметтік жұмысына, сондай-ақ айналасындағылармен қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін екендігі түсіндірілді.
 
Кездесу соңында Әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, оларды қызықтырған мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер берді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1307412?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді