Шымкентте ұрлықтың алдын алу шаралары талқыланды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының Полиция департаментінде аудан әкімдіктері мен қалалық басқармалар өкілдерінің қатысуымен ұрлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жиында 2024–2026 жылдарға арналған «Ұрлықтарға қарсы іс-қимыл» бағдарламасының орындалуы қаралып, тұрғын үйлерде, қоғамдық көліктерде және қылмыс жиі тіркелетін орындарда қауіпсіздікті күшейту шаралары талқыланды.

Қоғамдық көліктердегі бейнебақылау камераларының жұмысын тексеру, бейнежазбалардың сақталуын қамтамасыз ету, аулалар мен көшелерді жарықтандыру, велосипедтер мен мопедтерге арналған арнайы тұрақтар ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу және қараусыз жүрген жануарларды уақытша ұстау орындарын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1307411?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді