«Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстау

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімдігінде көпбалалы аналарды қабылдап, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табысталды.

Атап айтқанда:

🔸 Айнұр Мұратқызы Базарбаева – «Алтын алқа»;

🔸 Татьяна Николаевна Кусаинова – «Күміс алқа»;

🔸 Гүлнұр Сабиханқызы Рахимжанова – «Күміс алқа»;

🔸 Арай Дарханқызы Елешева – «Күміс алқа» наградаларымен марапатталды.

Қабылдау барысында ардақты аналарымызбен жүздесіп, емен-жарқын әңгімелесу жүргізілді. Олардың отбасылық өмірі, бала тәрбиесі және қоғамдағы ананың рөлі туралы пікір алмастырылды.

Ана – отбасының берекесі, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі. Көпбалалы аналарымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегі мен қоғамымыздың дамуына қосып отырған үлесі қашанда зор құрметке лайық.

Мемлекет басшысы да ана мен баланы қолдауға, отбасы құндылықтарын нығайтуға ерекше көңіл бөліп келеді.

Осы орайда, мемлекеттік награда иегерлерін шын жүректен құттықтап, аналарымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық пен береке тіледіhttps://www.instagram.com/tolagai_news/
.

Елімізде алтын құрсақты аналарымыз көбейіп, әр шаңырақтан сәбидің күлкісі үзілмесін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1309718?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді