
2026 жылғы 29 қыркүйекте Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шет аудандық филиалы өкілінің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы Ақадыр станциясы вокзалы аумағындағы тамақтану саласында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерге семинар өткізді. Іс-шара барысында тамақтан уланудың алдын алу, санитариялық талаптарды сақтау, міндетті медициналық қарап-тексерулерден уақтылы өту, тез бұзылатын өнімдерді сақтау және өткізу мерзімдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар тұмау, ЖРВИ, COVID-19, туберкулез және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша ақпарат беріліп, қатысушыларға жадынамалар мен брошюралар таратылды. Қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1309719?lang=ru

Жауап қалдыру