Ұлытауда Республика күніне арналған мергендер сайысы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ұлытау облысы Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арасында тапаншамен практикалық атудан IPSC жарысы өтті.

Республика күніне орай «ARLAN» спорт клубы ұйымдастырған сайысқа бес команда қатысты: «Арлан 1», «Арлан 2», ҰҚК-нің «Қалқан», ЖҚАЖ-дың «Барыс» және АжКДБ командасы.

Командалық есепте жүлделі орындар:

🥇 І орын — ПД оқу-жаттығу взводының командасы
🥈 ІІ орын — ҰҚК-нің «Қалқан» командасы
🥉 ІІІ орын — ЖҚАЖ-дың «Барыс» командасы

Жеке есепте де Ұлытау облысы ПД қызметкерлері жүлдегер атанды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1316656?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді