
2025 жылғы 14 маусымда Қызылжар ауданының ипподромында бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл күн — ұлттық ат спортының нағыз мерекесіне айналды. Елдің түкпір-түкпірінен келген үздік шабандоздар 22 700 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры мен маусым финалына жолдама үшін бақ сынасты.
Жарыс бағдарламасына төрт негізгі бәйге түрі енді: құнан бәйге (8 км, 15 қатысушы), топ бәйге (14 км, 20 қатысушы), аламан бәйге (20 км, 14 қатысушы) және жорға жарыс (7 км, 15 қатысушы). Осы жарыстарға Солтүстік Қазақстан облысының да шабандоздары қатысты. Облыс атынан барлығы 13 спортшы өнер көрсетті.
Құнан бәйгеде өңір намысын Омар Қажмұрат №3 Талас есімді атымен және Тілеген Айтпай №17 Қазына есімді атымен қорғады. Топ бәйгеде Жарас Анафин №12 Жұлдыз атты тұлпармен, ал Қабд Әдем №22 Данк атты сәйгүлікпен өнер көрсетті. Аламан бәйгеде өңір атынан №4 Қаракөз есімді айғырмен Амир Серік қатысты.
Ең көп солтүстікқазақстандық шабандоздар жорға жарысына шықты. Бұл сайысқа қатысқандар:
-
№17 Триумф атымен Андрей Ровдо
-
№18 Граф Лок атымен Әлия Тоқтасынова
-
№19 Джевиши Банкер атымен Андрей Косилов
-
№20 Страйк атымен Александр Корнилов
-
№21 Бард айғырымен Берік Айтаев
-
№22 Қайсар атымен Артем Либисов
-
№23 Вымпел атымен Анжелика Патошкина
-
№27 Листок атымен Дамир Бузыкаев
Солтүстікқазақстандықтар әсіресе жорға жарысында ерекше көзге түсті. 15 қатысушының арасынан СҚО-дан екі шабандоз жүлделі орындарға ие болды. Екінші орынды Әлия Тоқтасынова Граф Лок атты жорғасымен жеңіп алды. Жорғаның иесі — Аягөз Бекенова, ал бапкері — Әлия Тоқтасынованың өзі. Үшінші орынды Триумф атты атымен Андрей Ровдо иеленді. Ат иесі — Аягөз Бекенова, бапкері — шабандоздың өзі.
Солтүстік Қазақстан облысының шабандоздарының бұл ірі жарыстағы өнері — олардың жоғары дайындық деңгейі мен ұлттық ат спортына деген үлкен құлшынысының жарқын дәлелі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sport/press/news/details/1017913?lang=kk
Жауап қалдыру