Мәдениет және өнер қызметкерлері күні құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Сіздерді мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – туған жердің рухани дамуына және керемет бай мәдени мұрасының дәріптелуіне еңбек етіп жүрген әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Өйткені, өнер мен мәдениет – егіз ұғым, бұл бағыттағы әр қадам игілікті. Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – бұл тек экономикалық даму, халықаралық бастамалар мен жобалар ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, дербес мәдени жетістіктерге жету.

Мәдениет қызметкерлерінің еңбектері қашанда халықтың көз алдында елді ұлттық мәдениеттің қайнарына сусындатып, адамдарға мереке және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Айналасын думанға бөлейді.

Қадірменді өнер майталмандары!
Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Ауылымыздың мәдени саласын дамытуға өлшеусіз үлес қоса беріңіздер. Мереке құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-kulan/press/news/details/1002732?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді