«Үлгілі аула»: Ақтаулықтар үй ауласын ұлттық нақышта безендірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтау қаласының 34-шағын ауданындағы «Каспий Маржаны» тұрғын үй кешенінің тұрғындары ортақ аула кеңістігін ұлттық нақышта безендіріп, өзгелерге үлгі боларлық бастаманы қолға алды. Белсенді азаматтар ауланы көріктендіру мақсатында шаңырақ орнатып, жартылай ағаш үй құру арқылы қазақы болмысты заманауи өмірмен ұштастыра білді.

Ағаштан тұрғызылған шағын баспананың көлеңкесі аула тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналып, кешкілік бас қосып, әңгіме-дүкен құратын жылы ошаққа айналды. Бастама авторларының айтуынша, бұл тек сән-салтанат үшін емес, келешек ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен тәрбие берудің бір жолы ретінде қарастырылған.

– Бұл ағаш үйді сән үшін емес, өскелең ұрпаққа тағылым болсын деген ниетпен жасадық. Барлығымыз атсалысып, әркім өз идеясын ұсынды. Соның нәтижесінде осындай ерекше көрініс пайда болды. Қазір бұл жер көршілермен емен-жарқын тілдесіп, тынығатын сүйікті орынға айналды, – дейді бастама көтерушілердің бірі Балғожа Есжанов.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1052579?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді