ХРОМТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хромтау қаласының әкімі Кеншілік Битановтың өкімімен Бакешов Дәурен Еркінұлы Хромтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Дәурен Еркінұлы Хромтау қаласында дүниеге келген.

2016-2020 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын бітірген.

2024-2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «Бизнес және басқару» мамандығының магистрі дәрежесіне ие болған.

Еңбек жолын 2020 жылы «Хромтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызметкер ретінде бастап, бас маман қызметін атқарған.

2024 жылдан осы уақытқа дейін «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы қызметінде еңбек етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1155102?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді