ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында жаңа Конституция жобасын талқылауға және алда өтетін республикалық референдумды қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға кітапхана қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, жас мамандар мен студенттер қатысты.

Қатысушылар жаңа конституциялық жобаның мақсаты мен міндеттерін талқылап, реформа елдің құқықтық жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ жастарды алдағы республикалық референдумға белсенді қатысып, жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасын және алда өтетін республикалық референдумды бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1166594?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді